Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер: Үкімет жұмыс барысын баяндады

НДС, налог на добавленную стоимость, плательщики НДС, ставка НДС, уплата НДС, процент НДС, проценты НДС, добавочный налог, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 10:09 Фото: Zakon.kz
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерді әзірлеу жұмыстарының қай кезеңде тұрғанын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қандай шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, салық заңнамасын жетілдіру бойынша жыл басынан бері Жобалық кеңсе аясында жұмыс жүргізіліп келеді.

"Қазіргі уақытта бизнес-қоғамдастық өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, Салық кодексіне нүктелі өзгерістер енгізу пакеті әзірленді. Ірі байлық иелеріне жоғары мөлшерлеме енгізу мәселесі халықаралық тәжірибені талдау негізінде қарастырылады. Қазақстан жағдайына барынша бейімделген тәсіл әзірленеді", – деді ол.

Сондай-ақ Әмрин Президенттің Жолдауында айтылған ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін Инфрақұрылымды дамыту қоры құрылғанын хабарлады.

"Қор қызметінің құқықтық негіздерін, жобаларды қаржыландыру тәртібін, сондай-ақ қазынашылық сүйемелдеу тетіктері мен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау тәртібін айқындайтын Бюджет кодексіне түзетулер әзірленді. Негізсіз әрі тиімсіз шығындардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологиялары белсенді қолданылады", – деп жалғастырды ол.

Еске салайық, бір күн бұрын, 28 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке бизнеске қиындық туғызатын жаңа Салық кодексінің жекелеген нормаларын қайта қарауды тапсырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: