Атырауда мұнай өңдеу зауыты өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Атырау мұнай өңдеу зауытының жанар-жағармай шығаратын негізгі желісі жұмысын тоқтатты. Оған себеп, кәсіпорында өндірілген сұйылтылған газды өзге өңірлерге тасымалдауда кідіріс пайда болған. Cалдарынан қоймада бос орын жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тің" хабарлауынша, қазір газ сақтау паркінде 800 тонна өнім жиналып тұр. Парктің сыйымдылығы – 810 тонна ғана. Сол себепті мұнай өңдеу зауыты 10 қаңтардан бастап каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын амалсыз шектеп отыр. Бірқатар технологиялық қондырғының тоқтауы зауыт өндіретін басқа өнімдердің шығуына да қолбайлау болып тұр.

Атап айтқанда, сұйылтылған көмірсутегі газы тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін, автобензин 6000 тоннадан 1 500 тоннаға дейін, ал дизельді отын тәулігіне 4 000 тоннадан 2 000 тоннаға дейін азайды.


"Басты мәселе өндірілген өнімнің уақытылы тасымалданбауында. Бізден сұйылтылған газ алатын өңірлер оны автокөлікпен тасымалдайды. Ол өнімсіз. Сондықтан вагон-цистерналармен тасымалды қолға алу керек. Бірақ оның тарифы қымбат. Теміржол шығыны газдың бағасына қосылады. Оған ешкім келіспейді. Сол себепті өндірісті тоқтатуға тура келді"."Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратов
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады