Бұл туралы Грузия экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтында хабарланды.
Грузия Үкіметінің вице-премьері әрі Экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвилли қазақстандық топ-менеджердің жоғары құзыреттілігін, қол жеткізген жетістіктерін және мінсіз беделін ерекше атап өтті.
Жақып Марабаев - Қазақстанның энергетика саласында көпке белгілі жетекші маман.
Жақып Марабаев мұнайшылар әулетінен шыққан. Қырық жылдан астам мұнай-газ саласының жауапты лауазымдарында еңбек етті. Әр жылдары "ҚазақстанКаспийШельф" АҚ бас директоры, "ҚазақОйл" ҰК ЖАҚ вице-президенті, "ҚазТрансОйл" АҚ вице-президенті, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Марабаев TotalEnergies-тің топ-менеджментті даярлау жөніндегі халықаралық бағдарламасы бойынша тәжірибеден өткен, Француздың мұнай институтында (IFP) басшыларға арналған MBA дәрісін алған, содан кейін Францияда, Ұлыбританияда және Африкада жұмыс істеді, онда коммерциялық және техникалық мәселелер бойынша стратегиялық шешімдер қабылдауға ат салысты.