Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 33 пайыздай өсті

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтарда 1 059,1 млрд теңге болды, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 20,8% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 32,6% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі 27,6%, азық-түлік емес тауарлардікі 72,4% болды.

Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда фармацевтикалық тауарлар, мотор отыны, автомобиль, нан-тоқаш, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдер, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, косметикалық тауарлар мен жеке гигиена керек-жарақтарын және электр құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі бөлшек саудада 1 456,2 млрд теңге болды.

2023 жылғы қаңтарда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,7%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,4%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді