Каспийдегі күтпеген кездесу: инспектор кезекті патруль кезінде итбалықтарды көрді

Тюлень, тюлени, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 08:45 Фото: unsplash
"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы кезекті патруль кезінде Каспий итбалықтарын көрді. Олар табиғи мекенінде жайбарақат жүзіп жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, сирек кездесетін итбалықтармен бұл кездесу өңірдің табиғи байлығын сақтап, жойылып кету қаупі бар түрлерді қорғаудың маңызын тағы бір еске салды.

Каспий итбалығы – Каспий теңізін мекендейтін жалғыз теңіз сүтқоректісі. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және қорғауды қажет етеді.

Бұған дейін "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкері Каспий итбалығымен кездескен сәтін видеоға түсіріп алғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: