Каспий жағалауында мемлекеттік инспектор итбалыққа тап болды

Каспий жағалауында мемлекеттік инспектор итбалыққа тап болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 14:19 Сурет: pexels
Атырау облысының Махамбет ауданында Каспий теңізінің жағалауында мемлекеттік инспектор теңіздің ерекше тұрғыны - итбалықты кездестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ерекше кездесу туралы 2026 жылғы 6 қазанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭТРМ) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді.

"Каспийдің бірегей тұрғыны – өзінің табиғи ортасында... Кейде табиғатты қорғау инспекторының аумақты күнделікті тексеруі сирек кездесетін жағдайға ұласады. Кезекті тексеру барысында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы Каспий итбалығына тап болды", – делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство өкілдері мұндай кездесулер Каспийдің тірі табиғатының қаншалықты ерекше екенін тағы бір еске салатынын атап өтті. Ал мемлекеттік инспекторлардың күнделікті жұмысы табиғи аумақтар мен оның тұрғындарын сақтауға мүмкіндік береді.

Каспий итбалығы – Каспий теңізіне ғана тән эндемик және теңіздегі жалғыз сүтқоректі жануар. Қазақстанда бұл түр сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар тізіміне енгізілген.

Бұған дейін Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы Құрық ауылы маңынан батпақ тасбақасы байқалғаны хабарланған еді. Тұщы суда тіршілік ететін бұл бауырымен жорғалаушының теңіз жағалауына қалай тап болғанын мамандар түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: