Каспий теңізінің суы тартылып жатыр: Қазақстанға қандай қауіп төнеді
Фото: primeminister.kz
Khaleej Times басылымының Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының деректеріне сілтеме жасап жазуынша, Қазақстан секторындағы су деңгейі 1996–2025 жылдар аралығында шамамен 2,45 метрге төмендеген. Негізгі себептер – өзендерден келетін су көлемінің азаюы, климаттың өзгеруіне байланысты буланудың күшеюі және адам қызметінің әсері.
Ғалымдар теңіздің таяздануы Каспий экожүйесіне, соның ішінде Каспий итбалықтары мен бекіре тұқымдас балықтарға қауіп төндіретінін ескертеді. Теңіз суының шегінуі балық шаруашылығына, кеме қатынасына және жағалаудағы инфрақұрылымға да әсер етуі мүмкін.
Олардың пікірінше, Каспийдің Арал теңізі сияқты толықтай жойылып кету ықтималдығы төмен. Алайда су деңгейі одан әрі төмендесе, теңіздің солтүстігіндегі таяз аймақтарда ауыр зардаптар болуы мүмкін.
Бұған дейін Ақтауда Каспий теңізінің түбінен топырақ көтеріліп жатқаны хабарланған еді.