Каспий жағалауынан батпақ тасбақасы табылды
Сурет: видеодан алынған
Биолог әрі бердвотчер Василий Бастаев Lada.kz сайтына берген сұхбатында батпақ тасбақаның видеосы тарағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл жәндіктің Маңғыстауда кездесуі таңғаларлық жағдай емес. Бұл бауырымен жорғалаушылардың популяциясы Саура көлі маңында бұрыннан белгілі.
Алайда тасбақаның тікелей Каспий теңізінде пайда болуы әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр. Мамандар жануардың теңізге кездейсоқ түсіп кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ықтимал себептердің бірі адами фактор мен балық аулау торлары.
ECO-SOCIAL қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Әділбек Қозыбақов мұндай жағдайлардың бұған дейін де тіркелгенін айтты. Атап айтқанда, батпақ тасбақасының суреттері мен видеолары Тюленьи аралдары архипелагындағы Құлылы аралынан да бұрын түскен.
Маманның айтуынша, тасбақалардың Каспийдің тұзды суына біртіндеп бейімделіп жатқаны туралы болжам да бар. Алайда бұл нұсқа әзірге ғылыми тұрғыда расталмаған.
Сарапшылар мұндай тосын олжаларды одан әрі зерттеу қажет деп санайды. Атап айтқанда, мамандар жергілікті популяцияның санын, оның басқа популяциялармен генетикалық туыстығын және бауырымен жорғалаушылардың тұщы су қоймаларынан тыс жерлерде өмір сүру қабілетін зерттеуді ұсынады.