Алмасадам Сәтқалиев атап өткендей, тариф – бұл реттелетін жалақы деңгейі, сондай-ақ тарифтік сметаны қамтитын есеп.
"Жекелеген жағдайлар бар. Яғни, кәсіпорын инвестиция салатын болса, онда белгілі бір уақыт аралығына осы инвестициялардың қайтарымдылығын қамтуы сипатында тарифқа өсімақы қосылады. Бұл кезең неғұрлым ұзақ болса, тарифке әсері де аз болады. Меншік иелерінің осы инвестицияларды жүзеге асыруға дайындығы, базалық инфрақұрылымды қалпына келтіру қажеттілігі үшін жауапкершілік қарастырылған... Жылу шығынды болғандықтан, менің ойымша, тарифтер кем дегенде 25%-ға өседі, ал ары кеткенде... инвестициялар көлеміне байланысты, олар да реттелетін болады". Алмасадам Сәтқалиев
Энергетика министрінің айтуынша, осы қағида бойынша электр энергиясы тарифтері де қалыптасатын болады.
"Электр энергиясының тарифі де инвестиция көлеміне байланысты болады, ал инвестиция ауқымды екені белгілі. Халық мынаны түсінуі керек: электр энергиясы аздап қымбат болады немесе бір жерлерде екінші Екібастұз жағдайы орын алып жатады". Алмасадам Сәтқалиев
Министр бес жыл бұрын электр энергиясының тарифін кемінде екі есе арттыру қажеттілігі туралы мәселе көтерілгенін еске салды. Ол кезде бұл саланың дамуын қамтамасыз ету үшін қажет екені айтылған. Бірақ содан кейін көптеген себепке байланысты бұл сұраныс орындалмады. Нәтижесінде: Инвестициялар жасалмады және осы уақыт ішінде тозу деңгейі 58%-дан 66%-ға дейін өсті.
"Егер шартты түрде үш-төрт жылды алатын болсақ, онда жылына кемінде тарифтер 15%-ға өсуі тиіс. Суға қатысты айтатын болсақ, бұл сумен жабдықтау көзіне байланысты. Яғни, суды тұщыландыруды қажет ететін батыс аймағында тұтынушыларды санаттарға бөлу қажет болуы мүмкін. Техникалық суды тұтынатын мұнайшылар бар және олар үшін тарифті көтеруге болады, онда да басқа топтардың тарифін субсидиялау мақсатында". Алмасадам Сәтқалиев
Сонымен қатар, оның айтуынша, соңғы баға соншалықты қымбат болмайды: мысалы, егер жеке тұлға бүгіндері коммуналдық қызметтер үшін айына 15 мың теңге төлеп жүрсе, онда оның үстіне ары кеткенде 1,5 мың теңге қосылуы мүмкін.