Елімізде бір апта ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары қаншаға қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, жылдық мәнде 10,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

2023 жылдың 2 мамырындағы мәліметке сәйкес, ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы былайша өзгерді:

- күнбағыс майы – 860 тг/л

- сәбіз – 152 тг/кг

- қарақұмық – 413 тг/кг

Сонымен қатар, сүт, айран, май, картоп, пияз, қырыққабат, күріш және сиыр етінің бағасы аздап өсті.


Сурет: stat.gov.kz


Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Алдында Қазақстанда әуе тасымалы қызметі қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі