Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 16:47 Фото: pexels
Ұлттық экономика вице-министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин 2026 жылғы 3 қарашада Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ең төменгі жалақы мөлшерінің (ЕТЖ) өсуі қарапайым қазақстандықтарға қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Әмриннің айтуынша, ең төменгі жалақының өсуі еңбек нарығындағы жалақы мөлшерінің де артуына ықпал етеді.

"Қазір 85 мың теңге төлейтін компаниялар енді 110 мың теңге төлеуге міндетті болады. Біз жалақы қорының өсімін шамамен есептедік. Ол 426 миллиард теңгені құрайды. Яғни бұл – бизнеске түсетін жүктеме, жалақы қорының ұлғаюы. Жалақы қоры артқан кезде шегерімдер де көбейеді. Соның нәтижесінде корпоративтік табыс салығының мөлшері шамамен 60-68 миллиард теңгеге азаяды. Бұл тетік осылай жұмыс істейді", – деді ол.

Жаңа өзгеріс тек мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының қызметкерлеріне ғана емес, жалдамалы жұмысшыларға да қатысты болады.

"Мен ең төменгі жалақымен бірге өсетін көрсеткіштер туралы айтып отырмын. Бұл әлеуметтік төлемдерге де оң әсер етеді. Мысалы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің қазіргі ең жоғары шегі – 7 ЕТЖ. Қазір ана ай сайын баласына күтім жасау үшін шамамен 280 мың теңгеге дейін ала алады. Ең төменгі жалақы өскеннен кейін бұл сома шамамен 308-310 мың теңгеге жетеді. Яғни бұл әлеуметтік төлемдерді пайдаланатын жалдамалы жұмысшылардың жағдайына оң әсер етеді. Жалпы алғанда, өзгеріс халық табысын арттыруға ықпал етуі керек", – деп есептейді Азамат Әмрин.

Еске салайық, 2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарауды ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: