Ұлттық статистика бюросы өңірлер бөлінісіндегі орташа жалақы көлемін атады:
- Жоғары жалақы Атырау облысында – 618 420 теңге;
- Төмен жалақы Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге.
Салалар бойынша орташа жалақы көлемі:
-Жоғары жалақы тау-кен өндіру саласында – 766 555 теңге;
- Төмен жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында – 179 388 теңге.
Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде жалпы жалақы қоры қызметкерлер санына бөлінетінін ескертеміз. Бұл әр адамның жеке жалақысына сәйкес келмейтін орташа арифметикалық мән. Жалақы мөлшері қызметкердің санатына, еңбек өтілі мен біліктілігіне, сондай-ақ қызметкер жұмыс істейтін сала мен аймаққа байланысты әр түрлі болады. Жалақының орташа мәні ұсталынып қалатын аударымдарды (табыс салығы, зейнетақы және басқа да аударымдар) қоса алғанда көрсетіледі.