Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн, республикалық бюджетке 4 трлн теңге кіріс түскен

Сурет: freepik
Бұл туралы 16 мамырдағы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, биыл мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 104,6% орындалды. Республикалық бюджетке 4 трлн теңге кіріс түсті. Жоспар 92,3% орындалды. Атқарылмаған бөлігі 336 млрд.теңгені құрады.

"Атап айтқанда салықтар бойынша жоспардың 369 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығының, шикі мұнайға экспорттық кедендік баждың және қосымша құн салығының есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2023 жылдың 4 айында 258 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының былтырғы осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33% немесе 86 млрд теңгеге азаюымен байланысты. Сонымен қатар оған негізгі экспорттық тауарлар бағасының орташа 12% төмендеуі әсер етті". Ерұлан Жамаубаев

Шикі мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кедендік баждың нақты қалыптасқан ставкасының болжамды көрсеткішінен 14,7% төмендеуімен байланысты болды.

Қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауының себептері:

Сонымен қатар министр жергілікті бюджеттердің кірісі 140%-ке атқарылды және 2,1 трлн теңге болғанын айтты. Жоспар 607 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 565 млрд теңгеге асыра орындалды. Кіріс бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды.


Қазақстан
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты