АДБ басшысы Қазақстанда интернетке қосылу құны салыстырмалы түрде төмен екенін айтты

Азия даму банкінің басшысы Масацугу Асакава Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстанда интернетке қосылу құны салыстырмалы түрде төмен екенін айтып, халықтың цифрлық сауаттылығының артуына тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Масацугу Асакава Қазақстандағы цифрлық трансформацияға баға берді.

"Қазақстан цифрландыруда айтырлықтай прогреске қол жеткізді, мұнда өңірлерге интернеттің жетуі ең жоғары көрсеткіштердің бірі деп айтса болады. Негізгі факторлар - интернетке қосылу құны салыстырмалы түрде төмен және цифрлық сауаттылықтың артып отыруы. Интернет қолжетімділігінің жоғары деңгейі Үкіметке мемлекеттік қызметтердің көпшілігін цифрландыруға мүмкіндік берді", - деді ол.

Оның айтуынша, 2015 жылы іске қосылған e-gov Mobile мобильді қосымшасы арқылы 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтерді 100%  қамту жоспарланып отыр.


"Қол жеткізілген прогреске сүйене отырып, Қазақстан экономика салаларын трансформациялау үшін технологияны пайдалануды кеңейту, цифрлық экономиканы дамытудағы секіріс және алдағы Төртінші өнеркәсіптік революцияға дайындық бойынша жұмыстарды жалғастыра алады", –деді АДБ басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыс кезінде цифрландыру елдер мен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторға айналғанын баса атап өткен болатын.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: