Экономист шикізаттық емес экспорт көлемі туралы ресми статистикаға күмән келтірді

Экспорт, Қазақстан, экономист, Ернар Серік, шикізаттық емес, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 19:28 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің (СИМ) "соңғы жеті жылда еліміздің шикізаттық емес экспорт көлемі екі есе өсті" деген статистикасына күмән келтірілді. Бұл туралы экономист Ернар Серік желіде жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, күні кеше СИМ бұл көрсеткіш 15,2 миллиард долларға жетті деп хабарлады.

"Алайда, бұл "шикізаттық емес себетке" катодты мыс, уран, ферроқорытпалар мен күміс те кіреді. Бұлардың бәрін қосқанда 6,2 млрд долларды немесе жарияланған барлық шикізаттық емес экспорттың 41 пайызын құрайды. Бірақ, шынын айтуымыз керек, мұндай тауарларды шикізаттық емес деп атауды доғаратын уақыт келді", деп жазды ол Telegram арнасында.

Сарапшының айтуынша, көп жағдайда бұл - кенді өндіргеннен кейінгі базалық өңдеу өнімдері ғана, жаңа индустрияландыру немесе жоғары өңдеуді қажет ететін күрделі өнім емес. Оның үстіне, ең үлкен өсім металдар мен олардың қымбаттауынан туындаған баға әсеріне тиесілі, мәселен тек күмістің өзі соңғы жеті жылда алты есе қымбаттаған.

"Нәтижесінде номинальды өсімнің барлығын дерлік әлемдік бағалар қамтамасыз етіп отыр (...) Қазақстанға мұнай мен газдан басқа кез келген экспортты автоматты түрде "шикізаттық емес" деп санайтын логикадан бас тартатын кез келді. Әйтпесе, біз экспорттың шынайы құрылымында іс жүзінде әлдеқайда аз болатын әртараптандыру цифрларын, өзімізді өзіміз алдап, қолдан салып алып жатырмыз", - дейді маман.

Бұған дейін Қазақстанда қандай нысандар көптеп салынып жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: