Жастарға арналған жеңілдетілген шағын несиеге 5 мыңнан астам өтініш түсті

Сурет: freepik
Биыл 10 тамыздағы жағдай бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жастарды жеңілдетілген шағын несиелеу механизмі бойынша 5,3 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 3 344 жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметінің мәліметінше, қазір 2577 жобаны жүзеге асыруға 11,4 млрд теңгеге жеңілдетілген несие берілді. Қалғаны қаржыландыру сатысында.

Жеңілдетілген несие алушылардың ішінде мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларының кәсіпкерлері басым.

Несие 21 бен 35 жас аралығындағы азаматтарға өз ісін ашуға немесе кеңейтуге беріледі. Үкімет 2023 жылы 29 млрд теңге көлемінде 5 796 шағын несие беруді жоспарлап отыр.

Биыл наурыз айының соңынан бастап Астанада жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мүмкіндігі бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды