"Бәйтерек" неміс бизнесімен әріптестікті дамытпақ

11 қыркүйекте "Бәйтерек" Ұлттық холдингі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов пен Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасының (DIHK) делегациясы кездесті.

Кездесуде Холдинг пен оның еншілес компанияларының басшылығы бизнестің, өнеркәсіптің және инвестицияның түрлі саласында неміс компанияларына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Жиынға DIHK Жеткізу тізбегін әртараптандыру департаментінің басшысы Томас Бёрнер, Schneider Group президенті Ульф Шнайдер, Siemens Energy AG өңірлік даму бөлімінің басшысы Александр Золотухин, сонымен бірге бірқатар неміс компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Әділ Мұхамеджанов бүгінде холдингтің еншілес ұйымдары – Қазақстанның Даму банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Kazakhexport және Qazaqstan Investment Corporation қоржынында Германия қатысатын 36 жоба бар екенін айтты. Қаржыландырудың жалпы сомасы – шамамен 732 миллион еуро. Холдинг Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға және стратегиялық маңызды салаларға инвестиция салуға ниетті екенін жеткізді.


Сурет: "Бәйтерек" холдингі


Астана Халықаралық қаржы орталығында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысқан дөңгелек үстелде "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының орынбасары да баяндама жасады.


Сурет: "Бәйтерек" холдингі


Әділ Мұхамеджанов "Бәйтерек" холдингінің Қазақстан экономикасының дамуында шешуші рөл атқаратынын және ел үкіметінің маңызды қаржы агенті екенін атап өтті. 2022 жылы Холдинг шикізат емес секторға 3,9 миллиард еуродан астам қаржылай қолдау көрсетті. 6000-нан астам жұмыс орнын құрып, 7,5 миллиард еуроның өнімі мен қызметін көрсетті.

"Биыл маусым айында Германия Федеративтік президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Холдинг пен Германия экономикасының Шығыс комитеті бірлескен жобаларды қаржыландыруға жұмыс тобын құру меморандумына қол қойды. Енді 27 қыркүйекте Берлинде Жұмыс тобының 1-отырысы өтпек. Мен неміс компанияларын осы шараға қатысуға және бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылауға қуана шақырамын", - деді Әділ Мұхамеджанов.


Сурет: "Бәйтерек" холдингі


Айта кету керек, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ неміс серіктестерімен белсенді түрде ынтымақтасады. Сонымен бірге инвестиция жобаларын дамытуға және Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға жәрдемдесіп, қазақстандық-германдық іскерлік бастамаларға қатысады.

Германия Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: