Санақ жүргізудегі мақсат – экономиканың аграрлық секторының дамуын болжау, өндірістің тиімділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінарттыруғабағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу, іріктемелі байқау және біржолғы есепке алуды жүргізу үшін шаруашылық жүргізетін субьектілердің бас жиынтығын өзектілендіру үшін ауыл шаруашылығының шынайы жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу.
Санақ интернетте онлайн режимінде 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін, планшет қолдану арқылы – 2025 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Қазақстан Республикасында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған жоспары әзірленіп, ұсынылды.
Жоспарда:
- 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру;
- 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссиялар құру
- санақ парақтарын, 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлеу және бекіту;
- ауыл шаруашылығының Цифрлық статистикалық тізілімін қалыптастыру
- планшеттерді және оның жинақтауыштарын (пауэрбанк, қабы, қорғаныс әйнегі, зарядтау құрылғысы және т.с.) сатып алу және/немесе жалға алу және т.б. қарастырылған.
Құжат 5 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.