Сауда министрі: Қазақстанда қант бағасының өсуіне алғышарт жоқ

Сурет: Zakon.kz
Қыркүйектің 27-сі күні өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қант тапшылығы мен бағасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министр қазір қант бағасы төмендеп жатқанын атап өтті.
"Қант бағасының 11%-ға төмендегенін көріп отырмыз. Бүгінде оның өсуіне ешқандай алғышарт жоқ. Қант тапшылығы болмайды. Әрине, былтыр сондай жағдайға тап болып, жағымсыз тәжірибе болды", – деді Арман Шаққалиев.

Министр өткен жылғы тапшылыққа байланысты Қазақстанда қант зауыттарын несиелендіру және қаржы бөлу арқылы қолдау бағдарламасы қабылданғанын айтты.

"Бүгінгі таңда төрт зауыт 70 мың тоннаға жуық қант өндірді. Біз Ресей Федерациясынан қант әкелінетінін көріп отырмыз, сондықтан жалпы нарықтағы жағдай қалыпты, тапшылық жоқ. Тіпті жекелеген өңірлерде де қант артығымен жеткізілгеніне куә болып отырмыз". Арман Шаққалиев

Өткен жылы Қазақстанда қант бағасы рекордтық деңгейге көтерілді. 2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығында бұл өнімнің бағасы 86,6%-ға өсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді