9 қазанда Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бір жылдың ішінде жаңа тұрғын үйлердегі пәтер бағасы 5,7%-ға өсіп, ал екінші тұрғын үй нарығында пәтерлерді қайта сату бағасы, керісінше 3,9%-ға төмендеді.
Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда елімізде пәтерді жалға алу құны төмендегенін нақтылайды. Рас, бұл жалпы Қазақстан бойынша беріліп отырған бағам, әйтпесе жекелеген қалаларда баспананы жалға алу құны онша төмендемеген.
"Абаттандырылған тұрғын үйден пәтер жалдау төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қыркүйекте 0,2%-ға төмендеді", делінген хабарламада.
Құзырлы ведомство мәліметінше, жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтердің 1 шаршы метрі 493 705 теңгені құрайды. Ал екінші тұрғын үй нарығындағы пәтерлер – 485 928 теңге. Ал орташа есеппен алғанда пәтерді жалға алудағы құн 1 шаршы метріне 4 715 теңгеден келеді.