Қазақстанда алғаш рет халал өнім мен қызметтерді сертификаттау жөнінде орган пайда болды

Сурет: Zakon.kz
Ішкі тұтынушылар үшін бұл шара Халал бағалау субьектісінің сертификаттарына сенім артуға негіз болады. Ал аккредиттелген ұйымның сертификаттарын алатын ұйымдар үшін өз өнімдері мен қызметтерін экспорттауға қосымша мүмкіндіктер ашады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының ақпараты бойынша, 16 қазанда Халал өнімдерінің, процестері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган "Halal Quality Center" ЖШС Алматы қ., "Сәйкестікті бағалау стандартының" ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 талаптарына сай акредиттелді.

Халал бойынша аккредиттеу - Қазақстандағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттардың бірі. Аккредиттелген Халал сертификатының жағымды әсері соңғы тұтынушыға дейін таратылады. Ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады.


"Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарына сай келетін Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Ал өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады. Сондықтан сертификаттау органының бірінші аккредитациясы - Қазақстандағы халал индустриясының сөзсіз жетістігі".Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады