"Автомобиль өнеркәсібі үлгіге айналмақ": Оңтүстік Корея Қазақстанға инвестиция көлемін арттырады

Сурет: primeminister.kz
Қазақ еліне Оңтүстік Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық 1,5 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында екенін атап өтті. Атап айтқанда, соңғы 18 жылда Қазақстанға 9,2 млрд долларға жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық 1,5 млрд долларға жетті. Бұл жөнінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гынмен жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау кезінде айтты.


"Бүгінде жалпы құны 1,5 млрд доллар болатын 5 жоба жүзеге асыруға дайын және жалпы құны шамамен 500 млн долларлық тағы 25 перспективалық жоба әзірленуде. Айқын мысал ретінде, Қостанайдағы жылына 70 мың автокөлік өндіруге қуаты бар, инвестиция көлемі 190 млн доллар жаңа ірі KIA зауытының құрылысын атауға болады", – деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Оның сөзінше, егер ол сәтті жүзеге асырылса, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі үлгіге айналмақ.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді