Енді газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату қажет

Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері" ҚР СТ 1412-2017 ұлттық стандартына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, газ жабдығы бар көлік иелеріне арнайы белгі орнату міндеттеледі.

Газ жабдығы бар автомобильдердегі ерекше белгі – қара жиегі бар сары үшбұрыш. Оның ішінде "GAS" деп, леп белгісі көрсетілген.

Сонымен қатар бұл белгі автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде белгі оңай көрінетін және танылатындай етіп орнатылуы керек.

Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жаңа стандарт автокөлік жүргізушілері үшін міндетті және азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне ықпал ететін жабық тұрақтарда газбен жүретін көліктерді қоюға тыйым салу тұрғысынан тиімді бақылау мүмкіндігін қарастырады.

Бұған дейін Қазақстанда газ жабдықтары бар көліктерге жерасты тұрақтарына кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Бұл тыйым өрт қауіпсіздігі ережесімен қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды