Наурыздағы мейрам күндері қосымша үш пойыз жолға шығады

Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Көктемгі мереке күндері ұлттық тасымалдаушы қызметі қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы 2024 жылы 5 наурызда "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз қолданысқа енгізіледі. Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні мерекесі мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалына сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

"Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталады. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады"."Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі, "KTZH_PP_BOT" бот жеделхаттары, сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды