Үкімет басшысы ОПЕК-тің бас хатшысымен әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды талқылады

Сурет: primeminister.kz
26 тамызда Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен ОПЕК-тің бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс әлемдік мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет басшысы ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. ОПЕК+ шеңберіндегі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың келісілген әрекеттері орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды азайтуға және нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі.

"Қазақстан ОПЕК+ шеңберінде өзара байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті. Біз әрдайым ұйымның бастамаларын қолдап, басқа елдермен қатар ағымдағы ерікті міндеттемелер бойынша шектеулерді де қабылдап отырмыз", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Хайтам Әл-Гайс Қазақстанның әлемдік мұнай нарығындағы маңызды рөлін, елімізде қабылданып жатқан шаралардың мұнай нарығындағы теңгерім мен болжамды баға белгілеуді қамтамасыз етуге әсерін атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хайтам Әл-Гайс өзара табысты әрі нәтижелі іс-қимылды жалғастыру ниетін растады. 

Айта кетсек, Қазақстан 2016 жылдан бері ОПЕК+ келісімінің қатысушысы болып саналады. Елімізде 90-нан астам жер қойнауын пайдаланушы мұнай өндірумен айналысады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі