Елімізде азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өсті

Сурет: pixabay
Тамызда елімізде жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады (шілдеде – 8,6%). Жылдық инфляция көрсеткіші сегіз өңірде баяуласа, тағы сегіз өңірде, керісінше қарқын алды, ал тағы төрт өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Астана қаласында және Маңғыстау облысында тіркелді.

"Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы бұрынғы ж/ж 5,5% деңгейінде қалды (шілдеде – 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Алматы қаласында (8,3%) – максималды, ал Түркістан облысында (3,0%) минималды өсімді көрсетті", делінген хабарламада.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,7%-ға дейін жеделдеді (шілдеде – 7,3%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,0%), ең төменгі мән Алматы облысында (5,4%) тіркелді.


"Тамызда ақылы қызметтер бағасы 13,6%-ға дейін баяулады (шілдеде – 14,5%). Сонымен қатар Павлодар облысында (18,9%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Алматы облысында (7,7%) айтарлықтай төмен өсім көрсетті", деп нақтылады Ұлттық банк өкілдері.

Тамызда ел көлемінде айлық инфляция 0,6% болды. Бұл – тарихи орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы тамызда – 0,2%).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды