Тікелей өндірушіден тауар сатып алу мүмкіндігін ұсынушы Pinduoduo қолданбасы уақытша істемей тұр

Сурет: g2.dcdn.lt
Қазақстандықтар соңғы кездері тауар сатып алу үшін қызметіне жиі жүгінетін Қытайдың pinduoduo маркетплейсі істемей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайттың өзінде "жүйені жаңартуға байланысты уақытша жұмысымызды тоқтатамыз" деп көрсетілген.

Ал тауарды қабылдап алушы "Қазпошта" АҚ бұл қолданбаның қашан іске қосылатындығынан хабарсыз болып шықты. 

"Pinduoduo техникалық жақсартуларға байланысты 2024 жылдың 19 қазанынан бастап барлық ресми онлайн тасымалдаушылардың жұмысын уақытша тоқтатты. Өкінішке қарай, біз қолданбаның нақты қашан қалпына келетінін айта алмаймыз. Түсіністік пен шыдамдылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз", делінген "Қазпошта" АҚ хабарламасында.

Айта кетсек, Pinduoduo – тікелей өндірушіден тауар сатып алу мүмкіндігін ұсынатын Қытайдың электронды коммерциялық платформасы.  

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы