2024 жылы елімізде тұрғын үй құрылысына қанша қаражат жұмсалды

Сурет: pixabay
Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі қаншалықты өсті, қанша нысан пайдалануға берілді және 2024 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаражат жұмсалды? Бұл сауалдарға Zakon.kz сайтындағы материалдан жауап таба аласыздар.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 10,3% өсіп, 6852,6 млрд теңгені құрады. Ведомство жариялаған "ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" құжатта құрылыстың ең көп көлемі 2024 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы құрылымдар (3489,9 млрд теңге), тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар (2196,7 млрд теңге) және тұрғын ғимараттары (1166 млрд теңге) бойынша орындалған.

Осы кезеңде 36 455 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды,оның 34 289-ы тұрғын үй және 2166-сы тұрғын үй жатпайтын ғимараттар болып табылады.

Бұл ретте мынандай әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер пайдалануға берілді:

2024 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 8,3% өсіп, 16317,2 мың шаршы метрді құрады, олардан 10191,3 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5968,9 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 14913,5 мың шаршы метрді немесе 91,4%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 6327,2 мың шаршы метрді халыққа пайдалануға берілген.

2024 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,1%) мен автомобиль жолдары (17,9%) және тұрғын үйлердің (14%) құрылысы алады.

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Аумақтық бөлінісінде республикамыздың 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады.

Едәуір өсім Қызылорда (62%), Қарағанды (40,7%), Жетісу (39,1%), Түркістан 31%), Шығыс Қазақстан (26,6%), Солтүстік Қазақстан (26,2%), Ұлытау (23%), Абай (22,8%), Алматы (20,6%) облыстарында, Шымкент (25,5%) және Астана (25,3%) қалаларында байқалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты