Alibaba Қазақстандағы қосымша құн салығын төлеушілер қатарына қосылды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде электрондық коммерция мен салық салуды дамыту мәселелері бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында МКК мен Alibaba International цифрлық экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы салық заңнамасы мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді талқылады.

"Кездесу қорытындысы бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын ҚҚС төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды", делінген хабарламада.

МКК Қазақстан мен халықаралық компаниялар арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайту және электрондық коммерцияны ілгерілету бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл Қазақстандағы салық әкімшілендіруде ашықтықты арттыруға және әділ салық салуға ықпал етеді.

Айта кетсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда шартты тіркеуден өткен 60 шетелдік компания бар, олар төлеген салық сомасы 34,8 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды