Бұл туралы 27 желтоқсанда Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, К. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясы – Ресей мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған.
2010-2011 жылдары — "Қызылорда Су шаруашылығы" КММ инженері.
2011-2020 жылдары — Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басшысы.
2020-2023 жылдары — су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы.
2023 жылы — ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.
2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің жоба жетекшісі.
Айта кетсек, 26 желтоқсанда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалғаны хабарланған.