Оның айтуынша, жаңа Салық кодексі шеңберінде ҚҚС мөлшерлемесінің өсуіне байланысты туындайтын қосымша инфляция 2,5% болады.
"Бұл бізге барлық зейнетақы, жәрдемақы және т.б. төлемдерді индекстеуге мүмкіндік береді. Біз бұл осы бағытта жұмыс жасаймыз. Жалақыны да. Бюджетке қатыстының барлығын. 600 млрд теңге бөлінеді. Мәселен, біз қазір 2026 жылға арналған бюджетті құрайтын боламыз. Сол кез - алдымен әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамы. Болжам ішінде макрокөрсеткіштер бар. Сондай өлшемдердің бірі - инфляция. Міне, осындағы инфляция өсімі индекстеу үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар, ол арада әр түрлі әдістемелер бар, бұл жағы түсінікті ғой. Бұл ара әдістеме мәселесіне жатады", - деді Азамат Әмрин.
Бұған дейін Мәжілісте жаңа Салық кодексінің қабылданатын мерзімі аталған болатын.