Бозымбаев "Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев 2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Жол картасының аясындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі Жобалық офис отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда Ұлттық жобаны жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер Мәжілісте қаралуда. Отырыс қатысушылары норма шығармашылық қызмет пен оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) займдары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары жобасын әзірлеу барысы туралы есеп берді.

Сонымен қатар өткен тоқсанда қаржылық оператор ретінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызмет регламенті әзірленді, салалар мен өңірлер бөлінісінде желілердің тозуын төмендету бойынша талдау жүргізілді. Биылғы жылдан бастап Ұлттық жобаға қатысатын өңірлердегі пилоттық ТМС тізімі анықталды: электрмен жабдықтау саласында – 18, жылумен жабдықтау саласында – 19, сумен жабдықтау бойынша – 24, су бұру бойынша – 26 кәсіпорын.

Мердігерді ЕРС-келісімшарт арқылы іріктеу механизмдері, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу нормалары талқыланды. Конкурстық рәсімдер жүргізілетін бірыңғай электрондық платформа әзірленуде.

Бұдан бөлек, Ұлттық жоба "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 19 жобасын қамтиды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев бірқатар мемлекеттік органдарға бюрократиялық рәсімдерді қысқартуды және осы жылдың жазында пилоттық жобаларды іске қосу үшін тапсырмаларды орындау қарқынын арттыруды тапсырды.

Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын орналастыру және талқылауға қатысты қағидалар бекітілді.

Қазақстан
Бозымбаев Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты