Қазақстан ет өндірісі мен экспортын арттырды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның ет өңдеу саласы қарқынды дамуда. Тұрақты өсім 2025 жылы да сақталып, соның ішінде экспорт көлемі екі есе артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде:

Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша, барлық түрдегі еттің сойыс салмағындағы өндіріс көлемі шамамен 1,2 млн тоннаны құрап, 4,3%-ға артты. Соның ішінде ірі қара мен ұсақ малды өңдеу көлемі 270 мың тоннаға жетіп, 2023 жылмен (230 мың тонна) салыстырғанда 17%-ға ұлғайды. Жаңа және салқындатылған ет өндірісі 5%-ға өсіп, 79,9 мың тоннадан 83,8 мың тоннаға жетті. Шұжық өнімдері өндірісі 5,2%-ға артып, 68,4 мың тоннадан 71,9 мың тоннаға дейін көбейді. Ет консервілері өндірісі 4,9%-ға өсіп, 5,9 мың тоннадан 6,2 мың тоннаға жетті.

"2025 жылы да бұл өсім жалғасуда. Жылдың алғашқы үш айында: барлық түрдегі ет өндірісі — 2,8%-ға, қосалқы өнімдер — 20%-ға, шұжық өнімдері — 12,6%-ға, ет консервілері — 34,6%-ға артты", делінген АШМ хабарламасында.

Ет өнімдері экспорты да айтарлықтай өсті. 2024 жылы: 22,1 мың тонна сиыр еті, 17,5 мың тонна қой еті экспортталды. Негізгі экспорт бағыттары:

2025 жылдың алғашқы екі айында: сиыр және қой етінің экспорты 2 есеге, шұжық өнімдерінің экспорты — 2,7%-ға, ет консервілерінің экспорты 3,6 есеге артты.

Саланы қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Атап айтқанда: өндірісті жаңғырту және жаңа кәсіпорындар салуға салынған инвестициялық шығындардың 25%-ына дейін өтеу, айналым қаражаты мен негізгі құралдарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау қарастырылған.

Бұған дейін Қазақстанда өсірілетін ауылшаруашылығы дақылдарының рентабельділігін қайта қарастырылып жатқанын, алғаш рет егістік алқаптарын әртараптандыру бағдарламасы миллион гектарға жуық аумақты қамтығанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды