Қазақстандағы екінші атом электр стансасы да Алматы облысында салынады

Сурет: pexels
Қазақстан Үкіметі екінші атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті қаулыға 2026 жылдың 26 қаңтарында қол қойылды. Құжат "Әділет" Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған.

"Екінші атом электр станциясы" ядролық қондырғысының құрылысы және ядролық қондырғы құрылысының ауданы болып Алматы облысының Жамбыл ауданын анықтау туралы шешім қабылдансын", делінген құжат мәтінінде.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

2025 жылғы 25 ақпанда Қазақстанда бірінші атом электр станциясының құрылысы жүретін аудан анықталып, бекітілді. Ол Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан. Француздық Аssystem инжинирингтік компаниясының қолдауымен реактор технологиялары мен әлеуетті вендорлардың ұсыныстарын интеграцияланған бағалау әдістемесі жасалды. Олардың қатарына Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Кореядан келген төрт компания кіреді. Қазақстанда алғашқы АЭС-ты салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы 2025 жылғы 14 маусымда анықталды. Ол ресейлік "Росатом" болды. Екінші орынды қытайлық компания, үшінші орынды француз және корей компаниялары иеленді.

Алматы облысы
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі