Қазақстанда ультрадыбыстық аппараттар мен компьютерлік томографтар шығарыла бастауы мүмкін

Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресейдегі және ТМД елдеріндегі GE Healthcare (медициналық жабдықтардың жаһандық өндірушісі) бас директоры Елена Легезинамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Үкімет басшысы «Салауатты ұлт» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында 32 аудандық аурухананы қайта жарақтандыру және 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын жаңадан салу жоспарланып отырғанын айтты.

"GE Healthcare компаниясының әлемдегі жетекші медициналық құрылғылар өндірушілерінің бірі ретіндегі күшті беделін ескере отырып, біз жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолдаймыз және серіктестікті нығайтуға мүдделіміз", - деді премьер-министр.

Елена Легезина қазір Қазақстанда ультрадыбыстық аппараттар мен компьютерлік томографтар өндірісін локализациялау жобасы әзірленіп жатқанын айтты.


"Біз Қазақстанға жоғары технологиялық жабдықтарды ғана емес, онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің тұжырымдамаларын, тәсілдерін де әкеле аламыз. Сонымен қатар біз екі академияны - Астана мен Алматыда ашуды жоспарлап отырмыз. Онда қазақстандық мамандар білім ала алады. Олар құрал-жабдықтармен қалай жұмыс істеу керек екенін ғана емес, емдеудің жаңа әдістерін де меңгеруі керек", - дейді Елена Легезина.

Тараптар орта мерзімді перспективаға өзара іс-қимыл жоспарларын нақтылауға және шоғырландыруға мүмкіндік беретін ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді әзірлеуге келісті.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз