"Досжан Жүсіпов пен Cerebra жобасының командасын кезекті жетістігімен құттықтаймын! Cerebra жобасының StartX-ке қабылдануы Қазақстанның озық DeepTech технологияларды шығара бастағанын дүниежүзіне әйгілейді. Аталған оқиға қазіргі таңда CatGPT сынды жасанды интеллект түрлері дамып жатқанда, біздің қол қусырып отырмағанымыздың айқын бір көрінісі. Себебі, Cerebra жасанды интеллекттің базасында жасалған. Ол Қазақстанда инсультті сапалы диагностикалау және осы патологиядан мүгедектік пен өлім- жітім деңгейін төмендету үшін құрылған", деп жазды Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ Цифрлық даму министрі StartX сияқты беделді қауымдастықтармен қарым-қатынасты дамытуды Мемлекет басшысы өзінің АҚШ-қа іс-сапарының қортындысы аясында жүктегенін еске салады.
"StartX – бұл 1800-ден астам кәсіпкерлерден, салалық сарапшылардан Стэнфорд профессорларынан тұратын қауымдастық. Ол өсу сатысында тұрған және жақсы қаржыландырылған 700-ден астам стартапты қамтиды. StartX қауымдастығына мүше компаниялардың жалпы құны 26 миллиард доллар шамасында.Естеріңізге сала кетейін, Cerebra жақында Global Startup Awards стартап-экожүйелерінің ауқымды тәуелсіз байқауының жеңімпаздарының бірі болды! Жобаны одан әрі ілгерілетуде табыс тілеймін!", делінген министр жазбасында.