Бұл туралы компанияның Twitter-дегі хабарламасында айтылған.
"Біз FDA-дан (Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы) адамдарға арналған алғашқы клиникалық сынақты бастауға рұқсат алғанымызды қуана хабарлаймыз", – делінген хабарламада.
Neuralink бұл технология көптеген адамға көмектесуге мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті.
Клиникалық сынақтарға қатысушыларды тарту туралы ақпарат жақын арада жарияланатыны айтылды.
Илон Маск адам миын чиптеу ойын 2020 жылғы мамырда айтқан еді.
2021 жылдың сәуірінде Neuralink өз бетімен бейне ойындар ойнап жатқан маймылдың бейнежазбасын шығарды. Алдымен жануарға басқару үшін джойстик берілді, ал тапсырма сәтті орындалған соң, зерттеушілер оған тәтті тағам ұсынды. Содан кейін джойстик алынып, маймыл мидың күшін пайдаланып экрандағы курсорды жылжыта алды. Маск бұл технология зағип немесе сал ауруына шалдыққан адамдарға толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
2023 жылғы наурыз айында Neuralink адамдарда ми импланттарын сынау үшін серіктес іздеп жатқаны хабарланды.