Төртқұдық ауылында мектепті жалғыз түлек бітірді

Сурет: Zakon.kz
Төртқұдық ауылдық мектебінің түлегі Данияз Төребаев 11-сыныпты сыныпты жалғыз өзі бітірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Еуразия" бірінші арнасының тілшілері оқушымен сұхбаттасып, жалғыз оқығанның қандай екенін сұраған.
"Жалғыз оқу қиынырақ және кез келген жағдайда үй тапсырмасын орындау керек, сабақтан қала алмайсың, қашып кете алмайсың және сабаққа түгел қатысуың керек", - дейді бозбала.

Соңғы қоңырау салтанатына ұйымтастырылған жиынға 26 оқушы жиналған. Олар үшін бұл жай ғана мереке емес, мектепті бір өзі бітіріп жатқан Даниязды қолдау шарасы да.

Мектеп директоры Сәуле Смақаеваның айтуынша, мектепте барлығы 12 мұғалім жұмыс істейді. Оның 10-ы осы мектептің түлегі,оқуды бітіріп, туған жеріне оралған. Ал Данияздың сынып жетекшісі үлкен ағасы Ниязбек екен. Бұл оқуды жеңілдетпеген.

Мектептің жалғыз түлегі мамандық таңдау оңай болмағанын айтады. Сан ойланып, ақыры мұғалім болуды шешіпті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады