Білімділер додасы басталды

Сурет: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің баспасөз қызметі
Оралда «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білімділер додасы» зияткерлік ойыны басталды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өтіп жатқан іс-шараға үздік жастар командалары қатысуда.

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен бастау алған бұл жоба өңір жастарының шығармашылығын дамытуға бағытталған.

Сурет: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің баспасөз қызметі

Бірнеше кезең бойынша өтетін зияткерлік ойында түрлі салада еңбек етіп, үздіктер қатарынан көрініп жүрген жастардың білім деңгейі сыналып, ақыл-ой деңгейлері таразыға түспек.

Сурет: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің баспасөз қызметі

«Өнер мен білім сынға түсіп, шығармашылық шыңдалатын бұл жоба Ақ Жайық өңірінің озық жастары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді деп үміттенеміз. Жобамыздың мақсаты – жастар арасында ғылым мен білімді, қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, қатысушылардың бойындағы зияткерлік дағдыларын, парасаттылығын осы байқау арқылы көрсету»,- дейді ұйымдастырушылар.

Ойынның ашылу салтанатында сөз алған БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қалаубек Теміров шараның маңызына тоқталып, жастар саясаты саласы – мемлекеттің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Сурет: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің баспасөз қызметі

Зияткерлік ойынға қатысатын 10 командаға ойынның ережесі мен талаптары түсіндірілді. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атанған командалар жартылай финалда және финалдық кезеңде өнер көрсететін болады.

Жоба жыл соңына дейін жалғасады.


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз