"Армандарың биік болсын": Саясат Нұрбек түлектерге тілек айтып, кеңес берді

Сурет: primeminister.kz
Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек барша түлектерге құттықтау тілегін айтты. Министр "Ағылшын тілін үйреніңіздер, ол - ғылым, технология, жетістік тілі" деді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елорда мақтанышы» атты үлкен мереке өтті.  Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек түлектерге құттықтауында мемлекет сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасап жатқанын айтты.

"Президентіміздің Қазақстанды Еуразиядағы үлкен зерттеу хабына айналдыру арманы бар. Сіздердің араларыңызда болашақ ғалымдарымыз, мықты мамандар бар екеніне сенімім мол. Сіздерге айтар кеңесім, бірінші - армандарыңыз биік болсын. Адамның арманы биік болмаса, күнделікті өмірде жоғалып кетеді", - деді министр.

"Екінші – ағылшын тілін үйреніңіздер. Бұл - ғылым, технология, жетістік тілі. Ағылшын тілін үйрену – сәнге құрмет емес, қажеттілік" деді деді Саясат Нұрбек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды