Белгілі ғалым Әбдеш Төлеубаев дүние салды

Сурет: Instagram/danial.akhmetov.official
Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев өмірден озды. Қаралы хабарды Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әбдеш Төлеубаев 10 шілде күні қайтыс болды.

"Әбдеш Тәшкенұлы тәжірибелі дала зерттеушісі және экспедициялық жұмыстардың тамаша ұйымдастырушысы бола білді. Археологиялық ескерткіштерді анықтау және зерттеу бойынша белсенді қызмет атқарды. Ғылыми кітаптар мен мақалалар жазып, артынан зор мұра қалтырды. Соңғы 20 жылда ол Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Сауыр және Шыңғыстай тау бөктеріндегі археологиялық ескерткіштерді сәтті зерттеді. Әбдеш Төлеубаев әлемдік деңгейдегі жаңалықтарға иелік етеді. Ол алтыннан мыңдаған ерекше артефактілерді – ерте сақ дәуіріндегі ежелгі зергерлердің қолданбалы өнерін жинады. Мен Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның ардақты есімі мәңгілік жадымызда сақталады", – деп жазды Даниал Ахметов.

Әбдеш Төлеубаев – қазақтың белгілі этнографы, археологы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1953 жылы туған. Археолог ретінде бірқатар ғылыми мақалалар мен жаңалықтардың авторы.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты