Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2026 10:51 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын", – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Тоқаевтың айтуынша, комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: