Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ауылшаруашылығы жобаларына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейтуді тапсырды

Ауылшаруашылығы жобалары, бақылау, тапсырма, Қасым-Жомарт Тоқаев, Серік Жұманғарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 18:32 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына  вице-премьер өзі жетекшілік ететін сауда, интеграция, ауыл шаруашылығы салаларындағы қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына дайындық барысы, делінген Ақорда хабарламасында.

2024 жылы бес елдің интеграциялық бірігуіне 10 жыл толады. ЕАЭО құрылған уақыт ішінде Қазақстанның серіктестермен арадағы өзара сауда айналымы 74 пайызға өсті (2015 жылы – 16,3 миллиард доллар, 2022 жылы – 28,3 миллиард доллар). Бұл ретте экспорт 90 пайызға артты (2015 жылы – 5,1 миллиард доллар, 2022 жылы – 9,7 миллиард доллар).

Сонымен қатар Мемлекет басшысына агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу көлемін 30 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайту туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды:

  • қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені саласында 2024-2026 жылдары жүзеге асырылатын 500 ірі әлеуетті жоба дайындаған. Оның жалпы құны – 1,6 триллион теңге.
  • алғаш рет екінші деңгейдегі отандық банк бұл жобаларды іске асыру үшін 500 миллиард теңгеге жуық өз қаржысын салуға дайын екенін жеткізді.
  • жақын арада әлеуетті жобалардың тізімі жаңартылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасарына ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту және халықаралық деңгейде жоспарланған іс-шаралардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: