Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевқа Иранмен арада қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша есеп берілді

Кездесу Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысына сауда саясатын дамытудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берілді. Қазіргі уақытта сауда-саттық саласы еліміздегі жалпы ішкі өнім құрылымында  (18,3%),  жұмыспен қамтылған адамдар (1,45 миллион) мен бизнес субъектілерінің саны (551 мың адам) жөнінен бірінші орында тұр. Сонымен қатар сала бір субъектіге шаққандағы пайда мөлшері және негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша артта келеді.

Ұсынылған тәсілдер ішкі нарықты қорғауға, өз өндірісімізді қолдауға және тауар өткізетін жаңа нарықтар ашуға бағытталған. Бұдан бөлек, электронды коммерцияны дамыту, трансшекаралық және ірі сауда-логистикалық хабтарды салу көзделіп отыр.

Кездесу барысында еліміздің интеграциялық одақтардағы қызметі мен еркін сауда аймақтарын құру мәселелері қарастырылды. Серік Жұманғарин Қазақстан делегациясының Иранға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы сауда-саттықтың жаңа форматтарын енгізу жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ халықаралық нарықтардағы ұлттық экономикалық мүддені белсенді түрде қорғау қажеттігін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: