"Не істейміз?": Маңғыстаулықтар Каспий таязданып жатыр деп тағы да дабыл қақты

2 тамыз күні блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында таязданған Фетисово шығанағы туралы видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz .

Блогер видеоның сипаттамасына "Қазақстан халқы, әсіресе, маңғыстаулықтар күнде Каспий теңізінің тайызданып жатқанын айтып, дабыл қағып жүр", - деп жазды.

Оның айтуынша, Атырау облысы жағынан апатты жағдай қалыптасып отыр: тайыздықтан балықтар уылдырық шашу үшін Жайық және Қиғаш өзендеріне әрең барады.

"Маңғыстау жақтағы кәсіпорындарда қиындықтар болып тұрады. Әсіресе "МАЭК" ЖШС ай сайын су алу орындарын тереңдетіп отыруға мәжбүр.Азамат Сәрсенбаев

Ол осылай жалғаса берсе, жақын арада "Фетисово шығанағын жоғалтуымыз мүмкін" деп түсіндірді.

"Бұл - табиғи шығанақ орналасқан аймақтың туристік меккелерінің бірі. Осы шығанақтың арқасында Маңғыстаудағы суға түсу маусымы қазан айының ортасына дейін созылуы мүмкін. Шынымды айтсам, мұны тоқтату үшін не істеу керек екенін білмеймін".Азамат Сәрсенбаев

Сәрсенбаев Каспий теңізінің тайыздығы туралы фотолар мен бейнелерді үнемі жариялап отырады. Ақтаулық тағы бір блогер Нұркен Тәжібай да шетте қалмайды.

Қазақстан Ақтау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: