Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін қандай құжаттар өткізу керек

Сурет: pixabay
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылғы 3 тамызда мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін қандай құжаттар өткізу керек еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік кезекке қою және жолдама беру электондық жүйе арқылы іске асырылатынын ескертті.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін мына құжаттар талап етіледі:

1. Қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);

2. Өтініш (Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

3. Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-аналарының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат:

4. Баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар серфисінен электрондық құжаты

5. № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы

6. № 027/е нысанды анықтама

7. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін).

"Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Маусым айында Алматы, Астана қалаларында, Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында жаңа топтарды жасақтау аяқталды. Қалған өңірлерде бұл жұмыс қыркүйек айына дейін жалғасады".ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ведомство қазіргі таңда балабақшаға кезекке қою тәртібіне өзгерістер енгізіліп жатқанын мәлімдеді. Баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою және қабылдаудың бірыңғай базасы құрылуда.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту мақсатында биылғы жылдың соңына дейін республика бойынша 81 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Елімізде 11 317 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды, балаларды қамту деңгейі 89,1%",  – делінген хабарламада.

Қазақстанда 1 тамыз күні 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты