Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады

Сурет: pixabay
Бүгін, 3 тамызда мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Енді талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы комиссия сапында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен бiлiм саласы кәсiподақтарының жетекшілері және "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

"Енді талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін. Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 94 мыңнан астам өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарындағы мамандықтарға түсті. Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің интернет ресурсында, t.me/gylym_jogary_bilim телеграм арнасында және ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 10 тамызға дейін жарияланады", деп жазды министр Саясат Нұрбек Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі