Гүлзат Көбенова ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы болды

Сурет: gov.kz
Гүлзат Көбенова ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Гүлзат Ісбасарқызы Көбенова ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада. 

Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтерді, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарды.

2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары, ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы лауазымдарын атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады