Қызылордада Абайдың төте жазумен жазылған кітабы табылды

Сурет: видеодан алынды
Абайдың арабша жазылған кітабы Қызылордададан табылды. Жинақ 1982 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізілген. Содан бері ол зерттелмей мекеме қорында шаң басып жата берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төте жазуды ешкім оқи алмаған соң, оған ешкім мән бермеген болуы мүмкін, - дейді мамандар. Дегенмен жақында музейдің ғылыми хатшысы бұл жәдігерді зерттеу мақсатында ғалымдардың талқылауына ұсынған. Қазір өлкетанушы Жұмабай Байзақ өлеңдер жинағының қазақша тәржімасын жасап жатыр. Кітап 13 бөлімнен тұрады. Жинаққа ақынның "Масғұт" поэмасы мен 66 өлеңі, аудармалары енген. Ұлы ақынның көне кітабы 1922 жылы "Қазан" баспасынан шыққан деген болжам бар, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Мысалы "қыс" деген сөз екі әріптен "ҚС" деп жаза салған. "Жанына" деген сөзді "жнн" деп жаза салған. Дауысты дыбыстар түсіп қалады. Бұл - арабтың алфавитіндегі бір ерекшелік. Дауысты дыбыстарды қаракетпен белгілейді. Бұл енді сол үрдіске сүйеніп, Байтұрсыновтың төте жазуы пайда болмай тұрған кезінде жазылған қолжазба деп есептеймін.  Өлкетанушы Жұмабай Байзақ
"Музей қорында жалпы 2005 жылы қайтадан рестоврациядан өткен ғой. Одан кейін зерттелмеген. Биыл біз  музей қорынан алып, оны зерттеп отырмыз. Өйткені, бізде қазіргі уақытта сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында 150-ден астам кітаптар мен қолжазбалар бар. Биыл сол жұмысты бастағаннан кейін осы кітап қолымызға тиді. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Асхат Сайлау
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі