Ғарыштан түсірілген Меккенің таңғажайып суреті көптің таңданысы мен қуанышын тудырды

Мекке, Қағба, ғарышкер, Дон Петтит, ғарыш, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2025 09:24 Сурет: Instagram/astro_pettit
Әлеуметтік желіде жарияланған Меккенің таңғажайып фотосуреті жұртты қатты таң қалдыруда. Ол Халықаралық ғарыш станциясының бортынан түсірілген екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суретте қасиетті Қағба жерден 400 шақырым биіктіктен де көрініп, жарық нүктемен ерекшеленеді. Бұл кадрды желтоқсан айының басында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында, жақында ХҒС-тан оралған NASA астронавты Дон Петтит жариялады.

"Меккенің орбиталық көрінісі, Сауд Арабиясы. Ортадағы жарық нүкте - Қағба, исламның негізгі ғибадатханасы, тіпті ғарыштан да көрінеді", - деп жазды ол өзінің тарихи суретінің астына.

Фотосурет бүкіл әлем бойынша көпшіліктің таңданысы мен қуанышын тудырып, желіде көптеп тарауда.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мамонттың тісін тауып алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: